Атырауда күнделікті рейд жұмыстары жүргізілуде
Бүгінгі күні ТЖД құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірлесіп азаматтардың судағы қауіпсіздік талапатрын бұзуына жол бермеу жөнінде іс-шараларды жалғастырып жатыр. Ата–аналар балаларын қарамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылуда, жыл басынан 8 ата-анаға айыппұл салынды.
Су айдындарында рейдтік іс-шаралар күнделікті ұйымдастырылып, жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап құтқарушылармен 500 астам рейд жүргізіліп, 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атырау қаласында 24 участкідегі рейдтік жұмыстарға күнделікті 100 жуық қызметкер, ал облыс аудандарында 20 астам құтқарушы рейдтік іс-шараға қатысуда.
ТЖД өңірде шомылу маусымы ашық емес екенін еске салады! Ата-аналар балаларыңызға суға түсу қауіпті екенін түсіндіріңіз және қараусыз қалдырмаңыз!
Атырау облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -