Атырауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
Салтанат сарайы ғимаратының тұрағында облыстағы төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету мекемелерінің қысқа дайындығы тексерілді,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Дәстүрлі жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, авариялық құтқару мекемелеріне жеке-жеке барып, құрал-саймандармен, арнайы техникалармен танысты.
Күрделі метрологиялық жағдай туралы Атырау қаласы мен барлық ауданда сағат 11:00-де сирена ойнап, төтенше жағдайлар департаментінде оқу-жаттығудың жедел штабы құрылды. Қазір «Дабыл-1001», «Қарғын-2002», «Үзіліс-3003» сигналы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Оқу-жаттығудың практикалық бөлімі 22 қарашада «Атырау облысы Су Арнасы» КМК аумағында және республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолы бойында өтеді.
Жалпы оқу-жаттығуға барлығы 252 жеке құрам және 131 бірлік техника қатысып жатыр. Облыста қысқы мезгілге 281 техника мен 14 968 тонна инертті материал дайын.
Екі күндік оқу-жаттығуға қатысушылар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында қысқы мезгілде төтенше жағдайды жою үшін арнайы-тактикалық жаттығулар өткізіледі. Жедел-құтқару қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру, тез әрекет ету жұмыстары пысықталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -