Қауіпсіз демалыс!
2024 жылғы 27 қарашада, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен туризм саласының басшылары үшін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жүргізілді.
Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы қызметтерді жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;
- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;
- штаттық және қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;
- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;
- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;
- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -