«Қауіпсіз жағажай» акциясы
ШҚО ТЖД құтқарушылары «Самал» жағажайында демалушыларға өз рөлдерін ауыстырып, азаматтардың қауіпсіздігі үшін жұмыстың ерекшеліктерін сезінуді ұсынды.
ТЖ қызметі қызметкерінің «рөліне кіру» үшін құтқару мұнарасына көтеріліп, рупор көмегімен жағажайдағы азаматтарға қауіпсіздік ережелерін жеткізу, тәртіп бұзушыларға буйкалардан асып жүзу және балаларды судың жанында қараусыз қалдыру қаншалықты қауіпті екені туралы ескерту жасап түсіндіру қажет болды.
Құтқарушылар мамандығында өз күштерін сынап көргісі келетіндер көп болды. Демалушылардың барлығы бірдей құтқарушы мамандығының қыр-сырын игере алмады, бірақ акцияға қатысушылар бас тартпай, бар күштерін салды. Жігіттердің бірі рөлге барынша кіріп, суға батып бара жатқан адамға қалай көмектесуге болатынын да көрсетті. ШҚО ТЖД қызметкерлері әрқайсысын қолдап, соңында естелік сыйлықтармен марапаттады.
Акция су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару мақсатында өткізілді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -