Ауыл аманаты: Жыл басынан бері Байғанин ауданында 671,4 млн теңгеге 103 өтінім берілген
Байғанин ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Асхат Шахаров ауыл тұрғындарының табысын арттыруды көздейтін бағдарламаның іске асырылу барысымен танысты.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі Азамат Ерғалиевтің ақпараты бойынша, 103 жобаның 90-ы мақұлданған және 491,79 млн теңгеге 71 жоба несие берілді. Қалған 13 жоба - қаралуда. Көп жағдайда ауыл тұрғындары мал түрінде тауарлық несие алуға өтініш беріпті. Осы бағытта 512,6 млн теңгеге 67 өтінім келіп түсті. Тағы 151,9 млн теңгенің 22 жобасы шағын және орта бизнес және бір жоба құс шаруашылығын дамыту бағытында ашылды.
Мал шаруашылығымен 58 фермерлік шаруашылық, 3 ЖШС, 3 өндірістік кооператив айналысады. Округтегі малдың жалпы саны 57 мыңнан асады. Бұл - жылқылар, ірі қара, ұсақ мал, түйелер.
Бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен танысқан соң, облыс әкімі ауылдарда қызмет көрсету саласында бизнесті дамытуды тапсырды, бұл халықты жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Әрі қарай Асхат Шахаров «Фитнес» дене шынықтыру-сауықтыру орталығын аралап шықты.
Жеке кәсіпкер Әділжан Бұлтеев оны «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында салған, оған 17 млн.теңгеге несие рәсімдепті. Орталықта ЕДШ кабинеттері, массаж кабинеттері, тұз шахтасы, тренажер залы ашылды.
Өңір басшысы
орталық тұрғындардың арасында салауатты өмір салтын
қалыптастыруға үлес қосатынына сенім білдіріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -