Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтық қысқара бастады – оқу-ағарту министрі PISA халықаралық зерттеулері туралы
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың қорытындысы туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында баяндады.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 8 мыңға жуық мектеп жұмыс жасауда, оның ішінде 67%-ы ауыл мектебі. Айта кету керек, ауыл мектебінің әрбір екіншісі шағын жинақты болып табылады.
Оқушылардың 40% ауыл мектебінде білім алады. Сондықтан үкімет ауыл мектептерін дамыту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту және қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға аса мән беруде.
«Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың азайғанын PISA халықаралық зерттеулері айқындап отыр. Дегенмен PISA-2018 нәтижелерімен салыстырғанда, 2022 жылғы математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша айырмашылық көрсеткіші 4-5 балға дейін қысқарды, ал оқу сауаттылығы өзгеріссіз қалды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Естеріңізге сала кетейік, математикалық сауаттылық бойынша PISA-2018-де қала мектептері мен ауыл мектептері арасындағы білімдегі алшақтық – 22 балды құраса, PISA-2022-де алшақтық 18 балға төмендетілді. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 2018 жылы алшақтық 31 балды құрады, ал 2022 жылы ол 26 балға дейін азайтылды. Осылайша, халықаралық зерттеулер ауыл мектептерінде білім беру сапасының артып келе жатқанын айғақтайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -