Ауыл шаруашылық техникасын кепілге қалай тіркеуге (тіркеуден шығаруға) болады
Егер Сіз «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік қызметті алғыңыз келсе,
«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
және/немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгініңіз. Сізге келесі құжаттарды тапсыру қажет:
нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының, не өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (бірдейлендіру үшін);
Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.
2) порталға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кепілді тіркеу үшін бюджетке Салық кодексіне сәйкес алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайды қоспағанда).
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда, кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Қосымша ақпараттарды Алтынсарин көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ алу болады. Байланыс телефон
8 (7132) 417061
, инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасы:aqtobe_auyl_sharuashylygy.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -