Ауыл шаруашылығы министрі АШАІМИ-дың ауыл шаруашылығы жерлерін цифрлаудағы маңызды рөлін атап өтті
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» ШЖҚ РМК-на (бұдан әрі -АШАІМИ) барып, ауыл шаруашылығы жерлерін цифрлау бойынша кеңес өткізді. Министр АШАІМИ-дің республиканың барлық аумағына цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау бойынша ауқымды жобаны іске асырып жатқанын және оның маңыздылығын атап өтті.
Кеңес аясында Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы жерлерін цифрлау жобасының ағымдағы мәртебесімен танысты. Ол ауыл шаруашылығы жерлерін цифрлау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылатынын атап өтті. Цифрландыру агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуға, жер ресурстарын басқару тиімділігін және ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықтылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -