Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының элеваторларына қосымша 177 мың тонна астық орналастыра алады: Астана қаласы, 13 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының элеваторларына қосымша 177 мың тонна астық орналастыра алады

Азық-түлік келісім шарт корпорациясының еншілес компаниясы – «Астық қоймалары» ЖШС ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің астығын қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету үшін өзінің элеваторлық қуатын ұсынады.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан төрт лицензияланған астық базасының жалпы сыйымдылығы 491,7 мың тоннаны құрайды. Бүгінде бұл элеваторларда Азық-түлік корпорациясының 139,8 мың тонна көлеміндегі дәнді және бұршақ дақылдарын қоса алғанда 314 мың тонна сақталуда.

«Астық қоймалары» ЖШС астық қабылдау пункттерінің жүктемесі 64%-дан аспайтынын ескеріп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер компанияның элеваторларына қосымша тағы 177 мың тонна астық орналастыра алады. Қазіргі уақытта кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істеуде, АҚП-да астықты қабылдау, кептіру, тазарту және сақтау қызметтерін көрсетеді.

Елімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге астық қолхаттарын беруге құқығы бар барлығы 191 жеке лицензияланған АҚП жұмыс істейді. Бұл нан базаларының жиынтық сыйымдылығы 13,2 млн тоннаға жетеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша республиканың барлық астық қоймаларының жалпы қуаты 30 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте лицензияланған АҚП 42%-ға жүктелген және қосымша 7,6 млн тонна астықты орналастыруға қабілетті.

Негізгі астық егетін өңірлерге келетін болсақ, мұндағы бос қуаттардың көрсеткіштері келесідей: элеваторлардың бос ауданы Ақмола облысында – 2,5 млн тонна, Солтүстік Қазақстан облысында – 1,6 млн тонна, Қостанай облысында – 1,6 млн тонна құрайды.

Ағымдағы сақтау қуаты егін жинау мен сақтауды тиімді басқару үшін жеткілікті. Элеваторлар жұмысының мәселелері тұрақты бақылауда, АШМ туындаған барлық жағдайларға жедел ден қоюға дайын.

Айта кетейік, АШТӨ нақты уақыт режимінде Qoldau жүйесінде элеваторлар мен астық қоймаларының картасы бойынша барлық өзекті ақпаратты қадағалай алады.

Астықты сақтауға немесе элеваторлардың жұмыс істеуіне байланысты мәселелер туындаған кезде ауыл шаруашылығы басқармасына жүгіну қажет:

Қостанай облысы:

- облыс әкімінің орынбасары Әбенов Арман +7 (7142) 575-010

- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бекмұхамедов Ибрагим +7 (7142) 54-27-95

Солтүстік Қазақстан облысы:

- облыс әкімінің орынбасары Марат Тасмағанбетов +7 (7152) 46-46-84

- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Токужинов Даурен +7 (7152) 53-36-20

Ақмола облысы:

- облыс әкімінің орынбасары Балпан Мұрат +7 (7162) 29-72-80

- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әлімжанов Кеңеш + 7 (7162) 72-28-00.

Ақпарат көзі: Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар