Ауыл шаруашылығы вице-министрі Атырау облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді
2024 жылғы 11 шілдеде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Атырау облысының тұрғындары және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар.
Кездесу сағат 15:00-де «Абай» оқу орталығында өтеді (Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 58в).
БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.,
Толық ақпарат тел. бойынша: +7 776 632 22 88 – Ерқанат Сарсенбай
Сондай-ақ, өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды temir.b.zh@minagri.gov.kz. поштасына жіберуді сұраймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -