Ауыл шаруашылығы вице-министрі азаматтарды қабылдады
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов азаматтарды жеке қабылдауды жүргізді.
Түрлі мәселелер бойынша 7 адам қабылданды. Жер учаскелерін беру, саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру, мақта өсірушілерді қолдау және т. б. мәселелер қарастырылды.
Вице-министр барлық өтініштерге толық жауап берді, сондай-ақ сұрақтар егжей-тегжейлі зерттелетініне және ескерілетініне сендірді.
Министрлік басшылығы белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -