Қазақстан СІМ-де еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ОАР Елшісін қабылдады
Астана, 2024 жылғы 26 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстандағы миссиясының аяқталуына орай Оңтүстік Африка Республикасының Елшісі Кийтуметци Мэттьюсті қабылдады.
Сұхбат барысында Ә.Бақаев К.Мэттьюске екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға күш салғаны үшін алғыс білдірді.
Атап айтқанда, Ә.Бақаев африкалық дипломаттың Астана мен Претория арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Кездесу соңында ОАР Елшісіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан алғыс хат табысталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -