Ауыл шаруашылығы вице-министрі халықпен кездесу өткізді
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Астана қаласының халқымен кездесу өткізді. Кездесуге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер де қатысты.
Вице-министр агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау шаралары және басқа да мәселелер бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Кездесу қатысушыларын тірі мал экспортына қойылған шектеулерді алу, бордақылау шаруашылығымен айналысатын фермерлерді қолдау мәселелері қызықтырды.
Сондай-ақ ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту, мал сою пункттерін ашуға жағдай жасау, ветеринариялық дәрігерлердің мәртебесін нығайту сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Бірқатар мәселе вице-министрдің жеке бақылауына алынды. Кейбір мәселелер бойынша министрлік департаменттерінің басшылары мен комитет төрағаларына тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -