Әділет министрлігі 2024 жылғы қызметін қорытындылады
Бүгін Әділет министрлігінде Министр Азамат Есқараевтың төрағалық етуімен 2024 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.
Алқа отырысында Президенттің құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі Ержан Жиенбаев, Президент Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ заң қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.Отырыс барысында өздеоі жетекшілік ететін бағыттары бойынша вице-министрлер нәтижелері туралы баяндады.
Министр өз баяндамасында әділет органдарының алдында тұрған міндеттерді атқару кезінде баса назар аударатын негізгі бағыттарға тоқталды.
Заңнаманы қабылдау кезінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Қолданысқа ие болатын, яғни азаматтардың құқықтық санасында орын алатын және мемлекеттік органдардың құқыққолдану қызметінде іске асырылатын заң ғана сапалы болады. Осыған орай, заңнаманы әзірлеу барысында нормашығармашылықтың тиімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік билік органдарының адам құқығын қамтамасыз ету жөніндегі құқық қолдану тәжірибесіне ықпал ететін факторлардың жиынтығын толық ескерген жөн екенін атап өтті Ведомства басшысы.
Азаматтарды заң талаптарын құрметтеу және мүлтіксіз орындау бойынша тәрбиелеу міндетін анықтай отырып, Министр құқықтық ағарту тәсілдерін біріздендіруді және олардың тәжірибедегі тиімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, барлық сот актілерінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау тапсырылды. Бұған қоса, Азамат Есқараев заң көмегінің қол жетімділігі мен оның жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін заманауи тәсілдерді енгізіп, ақпараттық технологияларды пайдалану қажеттігін баса айтты.
Алқа отырысын қорытындылай келе, Министрлік басшылығы сот сараптамасы, зияткерлік меншік құқығы, цифрландыру және тағы да басқа салалар бойынша басым міндеттерді айқындады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -