Астанада Қорғаныс министрлігі басшылығының IT-компаниялардың өкілдерімен кездесуі өтті
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев IT-компаниялардың менеджерлерімен Қарулы күштерді цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады.
Кездесуге әр түрлі IT-қауымдастықтардың инженерлері ғана емес, сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің Ақпараттық технологиялар, Байланыс, Мемлекеттік құпияларды қорғау, Ұшқышсыз әуе жүйелерін дамыту және қолдану департаменттерінің өкілдері қатысты.
– Біз дәстүрді бұзбауға, IT-компаниялар біздің жобаларымызды іске асыруға қосылуға дайын болуы үшін келесі жылға арналған жоспарларымызды сіздермен бөлісуге шешім қабылдадық, – деді министрдің орынбасары.
Қорғаныс ведомствосының өкілдері жиналғандарға Қорғаныс министрлігінің 2025 жылға арналған IT-жобаларын іске асыру жоспарлары мен тәртібі туралы хабарлады.
Қорғаныс министрінің орынбасары Д. Ахмедиев Қорғаныс ведомствосын цифрландырудың басым бағыты 2025 жылы әскерлерді басқару жүйелерін (АБЖ) автоматтандыруды атады. Әуе қорғанысы күштерінің АБЖ-ны дамыту, оны Әскери-теңіз күштері мен Құрлық әскерлерінде құру және енгізу көзделген.
Қарулы күштер түрлерінің командалық пункттерін, әскер тектерін және әскери бөлімдерді жарақтандыру үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым құрылатын болады.
Бұл мәселелерді шешу ақпараттық жүйелерді дамытуды, Қарулы күштер түрлерінің, әскерлер мен әскери бөлімдердің командалық пунктерінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсетуді және сүйемелдеуді көздейді. Мобильді деректер орталықтарын салу және жарақтандыру жүзеге асырылады, есептеу және перифериялық техника сатып алынады.
Осылайша, қорғаныс ведомствосы IT-шешімдерді әзірлеумен және енгізумен айналысатын сала өкілдерін ынталандыруға дайын, ал отандық фирмалар, талқылау көрсеткендей, жаңа бағдарламалық өнімдерді жасау бойынша өз әзірлемелерімен бөлісе алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -