Автомобильдің өрттенуін алдын-алу
Өткен жылы Ақмола облысының аумағында автокөліктерде 82 өрт тіркелген. Өрттің негізгі себебі автокөліктерде электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты, және автокөлікке қызмет көрсету кезінде ашық отты пайдалану. Өрт автокөлікке әрдайым айтарлықтай зиян келтіреді, ал кейбір жағдайларда адам денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
Бұған жол бермеу үшін автокөлікті өрт сөндіргішпен жабдықтаңыз, машинаны уақтылы техникалық тексеруден өткізіңіз, электр сымдарыдың жағдайың бақылаңыз , көлікті ашық отпен қыздырмаңыз.
Бірақ егер өрт орын алса дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ, не болғанын дереу «101», «112» нөмірлері бойынша өртке қарсы қызметіне хабарлаңыз, көліктен шығып, басқа жолаушыларға көмек көрсетіңіз, жанып жатқан көліктен қауіпсіз қашықтыққа өтіңіз.
Өзіңізге және өзіңіздің мүлкіңізге абай болыңыз.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -