ҚАЗАҚИ САЛТ ДӘСТҮР МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Түркістан облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен белгілі қайраткер, ақын, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Б.Байтуов пен белгілі имам, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Н.Асанов Түркістан және Отырар халқымен кездесті.
Қала мен аудан тұрғындары, жастар мен дін өкілдері қатысқан іс-шарада спикерлер халықты, әсіресе жастарды түрлі радикалды ұйымдардың арбауына түсіп, алданбауға және рухани азығымызды арттыруға шақырды.
Іс-шарада діни экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушылардың әлі қалыптасып үлгермеген жастардың санасына ықпал ету үшін қолданатындығын жайында сөз өрбіді.
Сонымен қатар, кездесуде дәстүрлі құндылықтар мен ата-бабамыздың салт-дәстүрі жайлы ой толғанып, жат ағымдардың ұлттық құндылықтарымызға келтіретін зияны жеткізілді және оған қарсы мотивациялық дәріс оқыды.
Патриоттық-рухани сезімді ояту үшін пікірталас ретінде сұрақтар қойылып, ел ағаларымен бірге марқымды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -