ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУ ҒИМАРАТЫ БЕРІЛДІ: Астана қаласы, 18 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУ ҒИМАРАТЫ БЕРІЛДІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУ ҒИМАРАТЫ БЕРІЛДІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУ ҒИМАРАТЫ БЕРІЛДІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУ ҒИМАРАТЫ БЕРІЛДІ

  Болашақ ұстаздарды даярлау мен еліміздегі университеттік ғылымды дамыту мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне 80 жылдық мерейтойы қарсаңында оқу корпусы берілді.

  Ауданы 12 000 шаршы метрден асатын оқу корпусында жаңа форматтағы педагог кадрларды сапалы даярлау және озық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті 40-тан астам оқу кабинеті мен ғылыми зертханаларды іске қосу жоспарланған.

  Соңғы рет университетке ғимарат 1986 жылы берілді. Жаңа оқу корпусы университеттің білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге, студенттердің оқу жағдайларын, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

  Атап өтейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 1944 жылы құрылған, қазіргі таңда құрылымында 5 институт, 24 кафедра бар, 8600 студент оқиды.



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУ ҒИМАРАТЫ БЕРІЛДІ <p align="justify">  Болашақ ұстаздарды даярлау мен еліміздегі университеттік ғылымды дамыту мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне 80 жылдық мерейтойы қарсаңында оқу корпусы берілді.</p> <p align="justify">  Ауданы 12 000 шаршы метрден асатын оқу корпусында жаңа форматтағы педагог кадрларды сапалы даярлау және озық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті 40-тан астам оқу кабинеті мен ғылыми зертханаларды іске қосу жоспарланған.</p> <p align="justify">  Соңғы рет университетке ғимарат 1986 жылы берілді. Жаңа оқу корпусы университеттің білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге, студенттердің оқу жағдайларын, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.</p> <p align="justify">  Атап өтейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 1944 жылы құрылған, қазіргі таңда құрылымында 5 институт, 24 кафедра бар, 8600 студент оқиды.</p>

Аймақтағы жаңалықтар