Конституциялық Сот жас балаларға күтім жасау уақытының еңбек өтіліне жатқызу туралы норманы тексереді
Конституциялық Сотта азаматтың өтініші бойынша Әлеуметтік кодексінің 208-бабы 1-тармағының 8) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы отырыс өтті.
Тексерудің құқықтық негізі: Әлеуметтік кодексінің 208-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде жұмыс істемейтін ананың жас балаларына күтім жасау уақыты есептеледі, бірақ әрбір бала жалпы алғанда 12 жас шегінде 3 жасқа толғанға дейін есептеледі.
Өтініш берушінің пікірі:
Еңбек өтілін есептеу кезінде жұмыс істемейтін ананың ғана жас балаларына күтім жасау уақытын көздейтін дауанып отырған норма кемсітпеу қағидатын, сондай-ақ ана, әке және баланы тең қорғауды көздейтін Конституцияның 14 және 27-баптарына қайшы келеді.
Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар:
Өтініш иесі және оның өкілі, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және парламентаризм институтының өкілдері.
Баяндамашы судья: Жатқанбаева А.Е.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -