Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына 25 жыл
21 мамырда Алматы қаласында маңызды мерейтойлық күн – Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының 25 жылдығына арналған «Қазақстанның қаржы секторы: стратегиялық сын-қатерлерге 25 жыл» атты форумы өтті.
Форум барысында экономиканы ырықтандыру мен жаңғыртудың неғұрлым өзекті мәселелері, корпоративтік және бөлшек кредиттеуді дамыту перспективалары, сондай-ақ сақтандыруды цифрландыру және қазақстандықтар үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды.
Іс-шараға қатысушылар алдында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева құттықтау сөз сөйледі. Өзінің құттықтау сөзінде ол осы жылдар ішінде Қауымдастық елдегі қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыру бойынша орасан зор жұмыс атқарғанын, қаржы нарығының барлық субъектілерінің тиімді қызметі үшін қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті.
«Қауымдастық бүкіл кәсіби қоғамдастықтың үлкен беделі мен құрметіне ие болды. Қауымдастық алаңында сараптамалық қоғамдастық қалыптастыратын, заң шығаруда көмектесетін, еліміздің салауатты, бәсекеге қабілетті және тұрақты қаржы жүйесін қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын нарық қатысушыларына алғыс айтқым келеді», - деп атап өтті Мария Хаджиева.
Мемлекеттік органдардың Қауымдастық әрқашан орталығы болған қаржы қоғамдастығымен тиімді диалогы мен ынтымақтастығының арқасында қаржы нарығы бүгінгі күні Қазақстандағы экономикалық дамудың драйвері болып табылады және барлық секторларда орныақты өсуді көрсетуді жалғастыруда.
Бүгінгі күні қазақстандық банктер, сақтандыру компанияларының басым бөлігі, бағалы қағаздар нарығына қатысушылар, білім беру мекемелері және қаржы нарығының басқа да ұйымдары Қауымдастық мүшелері болып табылады. Қаржы ұйымдарының жиынтық активтері соңғы 5 жылда екі еседен астамға 62,6 трлн теңгеге дейін ұлғайып, ЖІӨ-нің 52%-ына жетті.
«Қауымдастық уақыт сынағынан өтті, өзінің қажеттілігі мен өміршеңдігін дәлелдеді. Алдағы уақытта да Қауымдастық қаржы нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау және бүкіл секторды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыратынына сенімдімін. Сіздерді мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін», - деп қорытындылады өз сөзін қаржы реттеушісінің өкілі.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -