Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы: Алматы қаласы, 01 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-і шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і еншілес банк.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 3,0%-ға немесе 598 млрд теңгеге өсуі есебінен ағымдағы жылғы мамырда 1,6%-ға немесе 853 млрд теңгеге ұлғайып (2024 жылдың басынан бері 3,5%-ға немесе 1,8 трлн теңгеге өсу), 53,3 трлн теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 15,8 трлн теңгені немесе активтердің 29,6%-ын құрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы мамырда екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,4%-ға 29,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 5,6%-ға өсу), оның ішінде ұлттық валютада 1,4%-ға 27,2 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 1,8%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 92,0%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы мамырда 1,5%-ға 11,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 2,5%-ға өсу). Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 0,9%-ға 9,7 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 0,1%-ға төмендеу). Оның ішінде ШОБ субъектілеріне қарыздар 0,1%-ға 5,6 трлн теңгеге дейін, ірі бизнеске қарыздар 1,9%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда 5,3%-ға 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 18,6%-ға өсу).

2024 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне 1,4 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 10,6%-ға артық (2024 жылдың басынан бері 6,8 трлн теңге берілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,8%-ға артық).

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы мамырда 1,3%-ға ұлғайып, 18,0 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 7,8%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 1,7%-ға 11,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,5%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты.

2024 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,8%-ды (2024 жылғы сәуірде – 19,5%), халыққа қатысты – 19,3%-ды (2024 жылғы сәуірде  – 19,8%) құрады.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің 3,2%-ын немесе 1,0 трлн теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 864 млрд теңге).

Бизнеске берілген қарыздар бойынша NPL90+ деңгейі 2,2%-ды немесе 283 млрд теңгені, халыққа берілген кредиттер бойынша – 4,0%-ды немесе 716 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 72,3%-ды құрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).

Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы мамырда жеке тұлғалар салымдарының және акционерлермен есеп айырысу жөніндегі міндеттемелердің өсуі нәтижесінде 1,9%-ға 45,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 2,9%-ға немесе 1,3 трлн теңгеге өсу).

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2024 жылғы мамырда негізінен шетел валютасындағы депозиттердің 0,9%-ға 7,7 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде, оның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде 0,5%-ға  34,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттер 2024 жылғы мамырда 0,4%-ға 26,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша долларландыру деңгейі 22,5%-ды құрады (2024 жылдың басында – 23,2%).

Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы мамырда 0,7%-ға 15,3 трлн теңгеге дейін азайды, ол азаю негізінен ірі салымшылардың дивидендтер төлеу үшін қаражатты шығарып алуы нәтижесінде орын алды. Жеке тұлғалардың депозиттері 1,5%-ға 19,2 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы мамырда 13,7%-ды (2024 жылғы сәуірде – 13,7%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,6%-ды құрады (2024 жылғы сәуірде – 13,7%).

Банктердің меншікті капиталы негізінен бөлінбеген таза пайданың және қайта бағалау резервтерінің ұлғаюы нәтижесінде   ағымдағы  жылғы мамырда 0,1%-ға 7,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 7,6%-ға немесе 523 млрд теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 18,7%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,7%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2024 жылғы қаңтар – мамырда банктердің таза пайдасы 975 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 4,6%-ды (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша – 4,3%), капитал рентабельділігі (ROE) 33,9%-ды (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша – 35,4%) құрады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар