Қазақстан COP29: Тұрақты су инвестицияларын қолдау және климаттық сын-қатерлерді шешу: Астана қаласы, 14 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан COP29: Тұрақты су инвестицияларын қолдау және климаттық сын-қатерлерді шешу

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Байбазаров Бакуде өткен БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі –COP29 жыл сайынғы конференциясына қатысты.

Нұрлан Байбазаров «ИДБ-ға қатысушы елдерде климаттық өзгерістерге төзімді су инвестицияларын қаржыландыруды ашу» атты жоғары деңгейлі сессияда сөйлеген сөзінде су саласының өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ Қазақстанның тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі сын-қатерлерді шешу жөніндегі жоспарлар мен су ресурстарын тұрақты басқарудың стратегиялық инвестициялары туралы айтты.

«Еліміздің су саласын реформалау және трансформациялау үшін жаңа ведомство яғни, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Жаңа Су кодексі әзірленіп, Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы мен Су саласын дамытудың кешенді жоспары бекітілді», - деп хабарлады іс-шараға қатысушыларға вице-премьер.

Оның айтуынша, орта мерзімді кезеңде Қазақстан 20 жаңа су қоймасын салу әрі кемінде 15 жұмыс істеп тұрған су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 3500 шақырым каналды жөндеу мен цифрландыру міндетін қойды.

Қазақстан Үкіметі еліміздің барлық өңірлерінде, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдары мен қаржы институттарын тарта отырып, су инфрақұрылымын салу мен жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізе бастады.

Сонымен қатар, Н.Байбазаров Ислам Даму Банкі (ИДБ) Қазақстанның су шаруашылығы саласына $1,1 млрд инвестиция құятынын атап өтті. Бірінші кезеңде ИДБ бөлетін қаражатты 8 су қоймасын салу мен реконструкциялауға әрі 115 каналды күрделі жөндеуге бағыттау жоспарлануда.

Ақпарат көзі: Министерство национальной экономики Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Байбазаров Бакуде өткен БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі –COP29 жыл сайынғы конференциясына қатысты.

Нұрлан Байбазаров «ИДБ-ға қатысушы елдерде климаттық өзгерістерге төзімді су инвестицияларын қаржыландыруды ашу» атты жоғары деңгейлі сессияда сөйлеген сөзінде су саласының өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ Қазақстанның тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі сын-қатерлерді шешу жөніндегі жоспарлар мен су ресурстарын тұрақты басқарудың стратегиялық инвестициялары туралы айтты.

«Еліміздің су саласын реформалау және трансформациялау үшін жаңа ведомство яғни, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Жаңа Су кодексі әзірленіп, Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы мен Су саласын дамытудың кешенді жоспары бекітілді», - деп хабарлады іс-шараға қатысушыларға вице-премьер.

Оның айтуынша, орта мерзімді кезеңде Қазақстан 20 жаңа су қоймасын салу әрі кемінде 15 жұмыс істеп тұрған су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 3500 шақырым каналды жөндеу мен цифрландыру міндетін қойды.

Қазақстан Үкіметі еліміздің барлық өңірлерінде, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдары мен қаржы институттарын тарта отырып, су инфрақұрылымын салу мен жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізе бастады.

Сонымен қатар, Н.Байбазаров Ислам Даму Банкі (ИДБ) Қазақстанның су шаруашылығы саласына $1,1 млрд инвестиция құятынын атап өтті. Бірінші кезеңде ИДБ бөлетін қаражатты 8 су қоймасын салу мен реконструкциялауға әрі 115 каналды күрделі жөндеуге бағыттау жоспарлануда.

Аймақтағы жаңалықтар