Қазақстан ФАО-ның Азық түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруі жөніндегі пилоттық жобасына бірінші болып қатысты
Астанада «Конвергенция бастамасы-Қазақстандағы азық-түлік жүйелері мен климаттық іс-қимылдар арасындағы синергияны күшейту» ұлттық семинары өтті.
Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырды.
Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша пилоттық жобаны жүргізу үшін БҰҰ таңдаған 5 елдің қатарына кірді.
Оған спикерлер ретінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжуреков және азық-түлік жүйелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші Назгүл Хатепова қатысты.
Семинарда тұрақты ауыл шаруашылығына, азық-түлік жүйелерін жақсартуға және климаттың өзгеруінің салдарымен күресуге бағытталған бірлескен бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеу мәселелері қаралды.
Қазақстан Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ФАО-ның өңірлік және жаһандық бастамаларына қатысады.
Биыл Қазақстан алғашқылардың бірі болып конвергенция бастамасын іске асыру бойынша пилоттық ел болып таңдалды.
«Ауыл шаруашылығын дамыту-әрбір елдің тұрақты өсуінің негізгі факторы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта азық - түлік қауіпсіздігі өнімдермен қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар экологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспектілерді біріктіруді білдіреді»,-деп атап өтті вице-министр. Климаттың өзгеруі жағдайында дәстүрлі өндіріс әдістерін бейімдеу және тұрақты ауылшаруашылық тәжірибелері мен технологияларын енгізу маңыздылығын атап өтті.
«ФАО мен басқа да халықаралық серіктестердің қолдауының арқасында біз экологиялық және әлеуметтік аспектілерді ескеретін тұрақты агро азық-түлік жүйелерін құру бағытында жүрміз. Біз жаңа технологияларды белсенді түрде енгізіп жатырмыз, ауыл шаруашылығының климаттық орнықты әдістерін ілгерілетіп жатырмыз және аграрлық саясатымызды жаңа деңгейге бейімдеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Конференция бізге азық - түлік жүйелері мен климаттық іс-қимылдарды түрлендіру мәселелерін жақындастыру үшін одан да көп мүмкіндіктер табуға көмектесетініне сенімдімін», - деді Назгүл Хатепова.
Семинар Қазақстандағы ағымдағы жағдайды бағалау, бар олқылықтарды анықтау және азық-түлік жүйелері мен климаттық іс-қимылдарды жақындастыру кезіндегі мүмкіндіктер мен ықтимал тәуекелдерді анықтау мақсатында өткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -