"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрығы
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрықпен ТІЖ ресімдеу және ЭШФ үзіндісі Қағидаларында мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды:
- тауар кодтарын ерікті қолдану (GTIN немесе басқалары);
- 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде килограммен «Нетто салмағы» міндетті түрде толтыру (көрсетілген мерзімге дейін ерікті түрде);
ТІЖ бланкісін оңтайландыру: К, К1,К2, К3, К4 кіші бөлімдерінен тұратын К бөлімі жаңа бөлімге ауыстырылды (29 бағанға қысқартылды).
Сондай-ақ, өзге де нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді.
ЭШФ АЖ веб-порталында ТІЖ бланкісін өзгерту 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарлануда.
Осыған байланысты ЭШФ АЖ сынақ серверінде https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443 өзгертілген функционалмен танысуды және қажет болған жағдайда осы өзгерістерді өз есеп жүйелерінде ескеруге мүмкіндік бар.
Әзірлеуші жинағы (SDK ТІЖ бланкі бойынша жаңартулармен) МКК сайтында жүктеп алуға болады https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1.
Пайдаланушы нұсқаулығымен https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 сілтеме бойынша танысуға болады. ТІЖ бланкілеріндегі өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі бойынша.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -