Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметін қорытындылады
Өткізілген кеңейтілген отырысқа Комитет пен аумақтық департаменттердің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл қатысты.
Отырыс барысында комитеттің негізгі қызмет бойынша жұмысының қорытындылары, мемлекеттік аудиттегі тәуекелге бағдарланған тәсіл, мониторингтік талдау, қаржылық есептілік аудиті, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті үйлестіру және бақылау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері қаралды.
Комитет пен аумақтық департаменттердің алдына пост-аудиттен алдын алу және электрондық аудитті кеңейтуге көшу міндеті қойылды.
Министрліктің цифрлық орта жағдайында ІМАК нақты уақыт режимінде бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, бюджет қаражатын пайдалануды және Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін жүргізуді тексеру қажет.
Профилактикалық бақылау шараларының тиімділігін, сапасын арттыру және күшейту үшін Комитетпен цифрлық онлайн-форматта бюджет шығыстарын жоспарлау сатысында мониторинг процесін және ден қою шараларын автоматтандыру, сондай-ақ электрондық аудит функционалын қолдануды кеңейту және шарттық міндеттемелердің орындалуына және нақты уақыт режимінде бухгалтерлік есепті жүргізуге камералдық бақылауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -