Қазақстан Республикасы Әділет Министрі Азамат Есқараев Түркия Республикасының Әділет министрі Йылмаз Тунчпен кездесті
Астанада өтіп жатқан Түркі Мемлекеттері Ұйымына қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің бірінші отырысы шеңберінде ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев пен Түркия Республикасының Әділет министрі Йылмаз Тунчтың кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, сот шешімдерін тану және орындау, электрондық апостиль қою салаларындағы құқықтық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.
Тараптар 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан мен Түркия арасындағы азаматтық істер жөніндегі қолданыстағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын, сондай-ақ Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандумға қол қою мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап Түркия адвокаттар алқасының Одағы (UTBA) және Әзірбайжан адвокаттар қауымдастығы (ABA) құрудың бастамашылары болған түркі мемлекеттерінің Адвокаттар одағының жұмысына елеулі үлес қоса алатын бірқатар ұсыныстар айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттары бойынша конструктивтік диалогты жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -