Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Әмбебап кезеңдік шолудың төртінші кезеңіне дайындық бойынша дөңгелек үстел өткізді
2024 жылдың 26 шілдесінде ҚР Әділет министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесі және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесінің қолдауымен, ҚР Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың төрағалығымен "Әмбебап кезеңдік шолудың төртінші кезеңіне дайындық: үшінші кезең қорытындылары бойынша қолдау алған ұсынымдардың орындалуын талқылау" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған шара төмендегідей Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) ұсынымдарын талқылауға арналды:
- Париж қағидаттарына сәйкес ұлттық құқық қорғау мекемесін нығайту;- азаптауды және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлерін алдын алу және тиімді тергеу;- судьялар мен адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету;- қолайлы қоршаған ортаға құқық.Дөңгелек үстелдің жұмысына халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Шара барысында азаматтық қоғам өкілдерімен қызу және конструктивті пікірталас болды. Қатысушылар өздерінің пікірлерімен ұсыныстарын білдіріп, 2019 жылдың шолу қорытындыларын ӘМШ ұсынымдарын орындау бойынша ағымдағы процестер мен шараларды жақсарту бағытындағы сыни көзқарастарын білдірді. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қатысушы-мемлекеттердің 245 ұсынымынан Қазақстан Үкіметі 214 ұсынымды қолдады. Оны жүзеге асыруда, оның 45%-ы орындалып, қалған ұсынымдар бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.
Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша қатысушылар халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғаммен одан әрі өнімді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -