Қазақстан Республикасы ОПЕК + келісіміне әлі де толық берілген
Келісіммен бекітілген тәуелсіз дереккөздердің бағалауына сәйкес мамыр айында Қазақстан Республикасы тәулігіне 45 мың баррельге міндеттемелерді асыра орындады.
Қазақстан осы артық өндірісті өтейді және қосымша ерікті қысқартуларды қоса алғанда, маусым айында міндеттемелерді толық орындайды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 2024 жылдың басынан бастап 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлемді өтейді.
Қазақстан Республикасы алдағы күндері ОПЕК хатшылығына өзінің жаңартылған өтемақы кестесін ұсынады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -