Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Profit Education Day конференциясында жоғары білімді цифрландырудағы жетістіктерін таныстырды
15 қараша 2024 жылы – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҒЖБМ) Profit Education Day конференциясына қатысып, жоғары білім беру саласындағы өзекті цифрлық бастамалар мен жобаларды таныстырды. ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов білім беру жүйесін заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалану арқылы жаңғырту бағытындағы министрліктің жетістіктері мен болашаққа арналған жоспарлары туралы баяндады.
Жиында басты назар Жоғары білім берудің бірыңғай платформасының (ЖББП) енгізілуіне аударылды. Бұл платформа студенттер, оқытушылар құрамы және білім беру бағдарламалары туралы деректерді жинау, талдау және алмасуға арналған. ЖББП платформасы цифрлық қызметтерге кең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, оның ішінде құжаттарды онлайн тапсыру, ЖОО-ға қабылдау, жатақханалар мен стипендияларды рәсімдеу сынды қызметтер бар, бұл жоғары білім жүйесін барынша ашық әрі қолжетімді етеді.
Министрлік, сонымен қатар, халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты нығайтып, инновацияларды қолдауға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында Google компаниясының Generative AI курстары, Nvidia-ның DLI University Ambassador бағдарламасы және Huawei ICT Academy сияқты бастамалар бар.
Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – қазақ тілін қолдайтын ұлттық Kaz-LLM тіл моделін және жасанды интеллект пен машиналық оқыту саласындағы міндеттерді шешуге арналған PARAM BILIM суперкомпьютерін іске қосу. Сонымен қатар, Binance Academy бастамасы аясында жүзеге асырылатын «Криптомектеп» жобасы студенттерге блокчейн және криптовалюта негіздерін оқып-үйренуге мүмкіндік беріп, оларды болашағы зор цифрлық экономикада жаңа мансаптық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -