Қазақстан СІМ-де Кипр Елшісінен сенім грамоталарының көшірмелері қабылданды: Астана қаласы, 20 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан СІМ-де Кипр Елшісінен сенім грамоталарының көшірмелері қабылданды

Астана, 2024 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Кипр Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Петрос Накусистен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап, қызметіне сәттілік тіледі.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басымды перспективалық бағыттарды талқылады. Кипр Сыртқы істер министрі Константинос Комбостың 2024 жылғы наурыздағы Астанаға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген екіжақты келісімдердің негізінде саяси диалогты құрудың, сондай-ақ Қазақстан мен Кипр арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы аталып өтті.

Р. Василенко Кипр Республикасы басшылығының Қазақстанда Елшілікті ашу туралы шешімін құптап, қазақ-кипр қарым-қатынастарын одан әрі ілгерілету жолында маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді. Кездесу барысында екі мемлекеттің БҰҰ Жарғысын құрметтеуге міндеттемесі аталып өтіп, кипр мәселесі іргелі құжатқа сәйкес әлемдік ұйымның қамқорлығымен шешудің маңыздылығы туралы айтылды.

Кездесу соңында кипр дипломаты жылы қабылдау үшін алғысын жеткізіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.

Анықтама: 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 6,1 млн АҚШ долларын (экспорт – 5,2 млн, импорт – 918,6 мың) құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 5 есеге жоғары – 1,6 млн доллар (экспорт – 243,6 мың, импорт – 1,4 млн). 2005 жылдан бері Кипрден ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 4,5 млрд доллардан астамын құрады. 2024 жылғы 1 қарашадағы көрсеткіш бойынша ҚР-да 60 бірлескен кәсіпорын тіркелді.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Астана, 2024 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Кипр Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Петрос Накусистен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап, қызметіне сәттілік тіледі.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басымды перспективалық бағыттарды талқылады. Кипр Сыртқы істер министрі Константинос Комбостың 2024 жылғы наурыздағы Астанаға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген екіжақты келісімдердің негізінде саяси диалогты құрудың, сондай-ақ Қазақстан мен Кипр арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы аталып өтті.

Р. Василенко Кипр Республикасы басшылығының Қазақстанда Елшілікті ашу туралы шешімін құптап, қазақ-кипр қарым-қатынастарын одан әрі ілгерілету жолында маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді. Кездесу барысында екі мемлекеттің БҰҰ Жарғысын құрметтеуге міндеттемесі аталып өтіп, кипр мәселесі іргелі құжатқа сәйкес әлемдік ұйымның қамқорлығымен шешудің маңыздылығы туралы айтылды.

Кездесу соңында кипр дипломаты жылы қабылдау үшін алғысын жеткізіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.

Анықтама: 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 6,1 млн АҚШ долларын (экспорт – 5,2 млн, импорт – 918,6 мың) құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 5 есеге жоғары – 1,6 млн доллар (экспорт – 243,6 мың, импорт – 1,4 млн). 2005 жылдан бері Кипрден ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 4,5 млрд доллардан астамын құрады. 2024 жылғы 1 қарашадағы көрсеткіш бойынша ҚР-да 60 бірлескен кәсіпорын тіркелді.

Аймақтағы жаңалықтар