Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2024 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 0,2%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 6,3%-ға өсу).
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 68,0% (1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 5,3% (141 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 5,1% (136 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы сәуірде 1,4%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы негізінен сақтандыру төлемдері және аннуитет шарттары бойынша реттелмеген зяиндардың резерві есебінен 2024 жылғы сәуірде 1,9%-ға немесе 18,4 млрд теңгеге 934 млрд теңгеге дейін азайды (2024 жылдың басынан бері 3,3%-ға өсу).
2024 жылғы сәуірде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда сақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен 6,7 млрд теңге болды (2024 жылдың басынан бері – 53,3 млрд теңге).
2024 жылғы сәуірде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 954 мың шартты құрады, бұл 2024 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 27,6 %-ға артық.
2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 6 403 мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,7%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (1 204 мың шарт) және өмірді сақтандыру (499 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
2024 жылғы сәуірде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 114,9 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 435,7 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 35,1%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 79,7 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,6%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын, сақтандырудың аталған сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (91,8%-ға немесе 21,3 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылғы 4 ай ішінде 183,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 98,0%-ға көп. Өсу, негізінен, өмірді сақтандыру (29,5%-ға немесе 13,7 млрд теңгеге өсу) және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (2,2 есеге немесе 43,5 млрд теңгеге өсу) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап 172,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,0%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 6,8%-ға немесе 6,1 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.
2024 жылғы сәуірде сақтандыру төлемдері 31,0 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 95,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға көп. Өсу, негізінен, қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.
2024 жылғы сәуірде барлығы 111,6 мың төлем, 2024 жылдың басынан – 437,7 мың төлем жүзеге асырылды
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -