Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 24 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2024 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен «KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ты экспорттық-кредиттік агенттікке ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде 3,8%-ға 2,6 трлн теңгеге дейін төмендеді (2024 жылдың басынан бері 2,3%-ға өсу).
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,6% (1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 4,7% (119 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,6% (118 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері «РЕПО» операцияларының өсуі нәтижесінде 2024 жылғы мамырда 0,6%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы негізінен сақтандыру компанияларын экспорттық-кредиттік агенттікке қайта ұйымдастыру есебінен 2024 жылғы мамырда 822 млрд теңгеге дейін 12,0%-ға немесе 111,7 млрд теңгеге азайды (2024 жылдың басынан бері 9,1%-ға төмендеу).
2024 жылғы мамырда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда сақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен 6,6 млрд теңге болды (2024 жылдың басынан бері – 59,8 млрд теңге).
2024 жылғы мамырда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 950 мың шартты құрады, бұл 2024 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 0,2 %-ға кем.
2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 8 352 мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,1%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (1 651 мың шарт) және өмірді сақтандыру (556 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
2024 жылғы мамырда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 109,2 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 545,0 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,5%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 101,6 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,4%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын, сақтандырудың аталған сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (82,5%-ға немесе 25,7 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылғы 5 ай ішінде 243,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 106,8%-ға көп. Өсу, негізінен, өмірді сақтандыру (24,2%-ға немесе 15,6 млрд теңгеге өсу) және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (34,3 есеге немесе 84,0 млрд теңгеге өсу) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап 200,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,1% -ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 6,8%-ға немесе 6,9 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.
2024 жылғы мамырда сақтандыру төлемдері 22,7 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 118,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,0%-ға көп. Өсу, негізінен, қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.
2024 жылғы мамырда барлығы 100,3 мың төлем, 2024 жылдың басынан – 537,9 мың төлем жүзеге асырылды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -