МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ АГЕНТТІК ПЕН ОҚУ - АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ БІРЛЕСЕ ДАМЫТПАҚ
Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Төрағасының орынбасары Ерлан Әлжан Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева және Оқу-ағарту вице-министрі Арай Уразовамен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында тараптар білім саласындағы мемлекеттің үлесін азайту, әкімшілік кедергілерді жою және отандық EdTech және eLearning компанияларының дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады.
Тараптар білім беру секторын реформалауда маңызды қадам болатын жол картасын әзірлеу туралы бірыңғай ұстанымдарын білдірді. Құжатта кедергілерді жою, мемлекеттік қатысу деңгейін төмендету, нарыққа қатысушылардың тең қолжетімді ету және кемсітушілік жағдайлардың алдын алу шаралары қарастырылады.
Жол картасы Агенттіктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестік ортаны нығайтуға және нарықтағы барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға бағытталған саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -