Қазақстан Ядролық ғылым, технологиялар және оларды қолдану мәселелері бойынша АЭХА министрлерінің конференциясына қатысты
2024 жылдың 26-28 қарашасы аралығында Венада азық-түлік қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі, денсаулық және суды басқару мәселелеріне арналған Ядролық ғылым, технологиялар және қолданбалы бағдарламалар бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) министрлер конференциясы өтті.
Сонымен қатар, конференцияда ядролық технологияларды дамытуға және олардың әртүрлі салалардағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған техникалық ынтымақтастық бағдарламалары, сондай-ақ осы жаһандық мәселелерді шешудегі ядролық технологиялардың рөлі талқыланып, осы салаларда одан әрі ынтымақтастық пен білім алмасудың маңыздылығы атап өтілді.
Қазақстан Республикасынан конференцияға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғұмар Серғазин және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Конференцияда сөйлеген сөзінде Ғұмар Серғазин: «Қазақстан ұлттық әлеуетті нығайтуға, инновациялық шешімдерді енгізуге және озық әлемдік тәжірибені таратуға бірегей мүмкіндіктер беретін АЭХА-ның Техникалық ынтымақтастық бағдарламасын жоғары бағалайды және толығымен қолдайды», - деп атап өтті.
Ғұмар Серғазин атап өткендей, АЭХА-ның техникалық ынтымақтастық бағдарламасы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде және атом энергетикасы саласындағы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Конференция жаһандық сын-қатерлерді шешу және жер шарындағы тұрақты дамуға қол жеткізу үшін елдердің бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын көрсетті. Қазақстан атом энергетикасы саласындағы халықаралық міндеттемелерге бейілді болып қала береді және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін АЭХА-мен белсенді ынтымақтастықты жалғастырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -