Қазақстанда радиофармпрепараттарды әуе тасымалы арқылы жеткізу алғаш рет жүзеге асырылды
21 маусымда ел тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ядролық физика институты (Алматы қ.) өндіретін «Фтордезоксиглюкоза-18F» радиофармпрепараты Шымкент қаласындағы Ядролық медицина орталығына әуе көлігімен жеткізілді. Бұған дейін Қазақстан бойынша радиофармпрепараттарды тасымалдау тек автокөлікпен жүргізілді.
Ядролық медицинаның дамуы басталғаннан бері радиофармпрепараттарды (РФП) әуе көлігімен тасымалдау мәселесі көтеріліп келеді. Радиофармпрепараттардың жартылай ыдырау кезеңі қысқа болғандықтан, оларды өндірушіден пациентке дейін жедел жеткізу өте маңызды. Тасымалдау уақытын қысқарту пациенттердің дер кезінде диагностика мен терапия алуына тікелей әсер етеді.
Қазіргі уақытта Ядролық физика институты «Фтордезоксиглюкоза F-18», «Натрий пертехнетат Тс-99» (технеций-99 генераторы), «Натрий йодид I-133» РФП-ларын Алматы, Астана, Семей және Шымкент қалаларына өндіреді және жеткізеді. Бұл препараттар қатерлі ісік ауруларын диагностикалау және емдеу үшін қолданылады.
Қазақстанда ядролық медицинаны одан әрі дамыту үшін Ядролық физика институты еліміздегі авиакомпанияларына персоналды оқытуға және радиофармпрепараттарды тасымалдау үшін қажетті рәсімдерді әзірлеуге толық қолдау көрсетуге дайын. Барлық қазақстандық авиакомпаниялар әуе тасымалына тартылған кезде, Институт Қазақстанның барлық ядролық медицина орталықтарын өмірлік маңызды радиофармпрепараттармен қамтамасыз етіп, әртүрлі аймақтардағы пациенттерге дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсете алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -