Қазақстандағы алғашқы автожол тоннелінде оқу-жаттығу
Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы еліміздегі алғашқы автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында ауқымды оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Аталған оқу-жаттығуға тоннельге қызмет көрсетуге Түркістан облысы ТЖД, полиция қызметкерлері 100 адам мен 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайда орындалатын жедел іс-әрекеттер пысықталды.
Осы орайда, желдету, бейнебақылау, өрт дабылы және өрт сөндіру жүйесі сияқты тоннель қауіпсіздігінің негізгі жүйелерін сынауға ерекше назар аударылды. Аталған жүйелер құрылымның қауіпсіздік стандарттарын растай отырып, пайдалануға дайын екендіктерін көрсетті.
Оқу-жаттығу кезеңдерінің бірі істен шыққан көлік құралын жедел сүйретуді пысықтау, сондай-ақ, жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру тәртібі болды. Түркістан облысы ТЖД мамандары жол қызметтері үшін нұсқама өткізіп, оның барысында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда орындалатын іс-әрекеттердің тәртібін түсіндірді.
Оқу-жаттығу іс-шаралары тоннельде төтенше жағдайлар туындаған кезеңде барлық жұмылдырылған қызметтердің жедел іс-әрекет дайындығын арттыруға ықпал етті.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -