ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ «ҚЫТАЙ-ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
2024 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки бастаған қазақстандық ғылыми делегация Үрімшіге (ҚХР) барды, онда олар «Қытай-Орталық Азия» халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық форумына, «Қытай-Орталық Азия» өндіріс, білім және инновация интеграциясы» халықаралық конференциясына қатысты.
Сапар аясында ҚХР Білім министрінің орынбасары Ван Цзяймен кездесу өтті.
Вице-министр өз сөзінде Қазақстан-Қытай ғылыми-білім беру ынтымақтастығы дамуының жоғары деңгейін атап өтті. Ол форумға қатысушыларды мемлекет басшыларының ғылым және жоғары білім саласындағы қол жеткізген уағдаластықтарының орындалу барысы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ол Қазақстанда «Лу Бань шеберханаларын», Қытайдың жетекші университеттерінің филиалдарын ашу, сондай-ақ академиялық ұтқырлық пен студенттер алмасу жобаларын іске асыру туралы баяндады. Сонымен қатар, Дархан Ахмед-Заки Қазақстан-Қытай білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын кеңейту бойынша бірқатар бастамалар көтерді.
Вице-министр Дархан Ахмед-Заки мен ҚХР Білім министрінің орынбасары Ван Цзяйдің кездесуінде Қазақстан-Қытай білім беру саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, студенттердің эквивалентті алмасуын арттыру, университетаралық өзара іс-қимылды кеңейту, ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін құру, сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін қытайлық студенттердің санын арттыру қажеттігі айтылды.
Үрімшіге сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ғылым қоры мен Шыңжаң ғылым және технология департаменті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -