Қазақстандық ТЖМ өкілдері Сауд Аравиасына барды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы 4-7 қараша аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өткен өрт қауіпсіздігі жөніндегі IV халықаралық конференцияға IFOC-2024 қатысты.
Конференция өрттің алдын алу, жанбайтын материалдарды пайдалану, биік ғимараттарды жобалау кезінде тәуекелдерді бағалау, жаңа технологияларды енгізу және электромобильдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты бағыттарды қамтиды.
Халықаралық аренада сөз сөйлеген ТЖМ өкілдері елдің озық технологияларды ілгерілетуге, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлар тәуекелдерін азайтуға деген ұмтылысына назар аударды.
Қазақстандық мамандардың осындай іс-шараларға қатысуы ТЖ алдын алуда республиканың әлеуетін нығайту үшін үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге ықпал ететін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -