Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі БҰҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды
Нью-Йорк, 2024 жылғы 19 маусым – Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Дүниежүзілік ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришке сенім грамоталарын тапсырды.
Кездесу барысында Бас хатшы Тұрақты өкілді қызметке кірісуімен жылы құттықтап, Қазақстанмен әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдірді. БҰҰ Бас хатшысы Мемлекет басшысын «жаһандық көзқарасы мен көрінісі зор жақсы досым» деп сипаттай отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен істеген бірлескен қызметін қуанышпен еске алды. Сонымен қатар, А. Гутерриш Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, әлемнің барлық елдерімен жақсы әрі тығыз қарым-қатынасты қолдайтын еліміздің жоғары беделін атап өтті.
Қазақстандық дипломат өз тарапынан Қазақстан Президентінің сәлемдемесін жеткізіп, БҰҰ Бас хатшысымен атқарылып жатқан жанжалдарды алдын алу, бітімгершілік және ұзақ мерзімді орнықты даму саласындағы көпжақты күш-жігерге жәрдемдесу жөніндегі қызметіне қолдау білдірді. Қ. Омаров Мемлекет Басшысы жүргізіп жатқан реформалардың негізгі
тұжырымдамаларымен
таныстырып, Қазақстанның БҰҰ шеңберіндегі басымдықтары туралы хабардар етті.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -