Қазақстанның энергетика министрі мен CNPC директорлар кеңесінің төрағасы бірлескен жобаларды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитінің қарсаңында және ҚХР Төрағасының Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоуляньмен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара тиімді серіктестіктің жақсы деңгейде екенін айтып, Қазақстан аумағында бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалардың қызметін және оларды кеңейту перспективаларын талқылады.
Қазақстанның энергетика министрі CNPC компаниясының Қазақстан Республикасының аумағында 27 жыл бойы табысты жұмыс істеп келе жатқанын, сондай-ақ елдің энергетика саласындағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
ҚХР Төрағасының Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Энергетика министрлігі мен CNPC компаниясы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -