Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен инженерлері Халықаралық инженерлік академиясының мүшелігіне сайланды
Мәскеу қаласында Халықаралық инженерлік академияның жалпы отырысы өтті, оған 40-тан астам елдің ұлттық инженерлік академияларының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ғылыми, инженерлік және инновациялық қызметтің нәтижелері талқыланды. Қазақстанның Ұлттық инженерлік академиясының атынан сөз алған танымал ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, Ұлттық инженерлік академиясының академигі Темірбеков Нұрлан Мұханұлы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инженерлік саланы дамытуға қатысты қойған бастамаларының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік саланы экономикалық өсім мен елдің технологиялық тәуелсіздігінің негізі ретінде айрықша маңызды деп атап өткен болатын.
Сонымен қатар Халықаралық инженерлік академиясының толық мүшелері мен корреспондент-мүшелерін сайлау өтті.
Қазақстанның алғашқы ғарышкері, көрнекті сынақ инженері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы – Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы, танымал химик ғалымдар – Мансұров Зұлхайыр Аймұхамбетұлы және Мун Григорий Алексеевич, көрнекті инженер ғалым – Бижанов Нұрахмет Кусаинович Қазақстаннан Халықаралық инженерлік академиясының толық мүшелері болып сайланды.
Джомартов Асылбек Абдразақұлы, Надиров Ариф Надирович, Күлдеев Ержан Ітеменұлы, Нұрахметов Бауржан Құмарғалиұлы корреспондент-мүшелер болып сайланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -