Қазақстанның Сауда министрі АҚШ-тың сауда өкілімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Қазақстанның Сауда министрі Арман Шаққалиев АҚШ-тың сауда өкілі, елші Кэтрин Таймен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
АҚШ Қазақстанның стратегиялық сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады және ең ірі сауда одақтастарының алғашқы ондығында сенімді орын алады. Біздің елдер арасындағы екіжақты тауар айналымы оң динамиканы көрсетуде. Қазақстан 90 тауар позициясы бойынша АҚШ-қа шикізаттық емес экспортты $770,6 млн-ға дейін ұлғайтуға дайын екенін білдірді.
Кездесу барысында Қазақстанның Сауда министрі екі мемлекет арасындағы сауда қатынастарын шектейтін Джексон-Вэник түзетудің күшін жою мәселесін көтерді. Ол АҚШ Конгресінің тиісті шешімдерді тезірек қабылдауына үміт білдірді. Джексон-Вэник түзетуіне қатысты Заң жобасы Өкілдер палатасының 33 мүшесі қолдады және АҚШ Өкілдер палатасының Сауда жөніндегі кіші комитетінде қаралуда.
«Біз Джексон-Вэник түзетудің күшін жою жұмыстың тезірек оң нәтижесін береді деген үміттенеміз, бұл біздің елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына жаңа серпін береді», - деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Сондай-ақ, ол екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудағы АҚШ-тың Жалпы преференциялар жүйесінің (ЖПЖ) маңызды рөлін атап өтті. Қазақстан өз тарапынан АҚШ-тың ЖПЖ-нің қайта қолдану үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізуге дайын екенін білдірді.
АҚШ-тың сауда өкілі, елші Кэтрин Тай АҚШ пен Қазақстан арасындағы жаңа сауда қатынастарының дамуы мен экономикалық байланыстардың нығаю перспективасына сенім білдірді. Оның айтуынша, АҚШ-тың ЖПЖ бағдарламасының ұзартылуы келесі жылы АҚШ Конгресінде қаралатын болады. Бұл мәселеде ол Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Арман Шаққалиев сондай-ақ Орталық Азиядағы сауданы аймақтандыру мәселесін талқылап, бес елдің біртұтас өңір ретінде әрекет ететінін атап өтті.
ITC SheTrades ДСҰ бастамасын қолдай отырып, Қазақстанның сауда министрі Алматыда «SheTrades Central Asia» хабын - жаһандық саудаға қатысуға мүмкіндік беретін әйел кәсіпкерлерге арналған платформа құруды ұсынды.
Орталық Азиядан тауарлардың экспорты мен транзиті үшін орта дәліздің маңыздылығы атап өтілді, ал рәсімдерді жеңілдету және кедергісіз сауда негізгі міндеттер ретінде танылды. Қазақстан «жұмсақ» инфрақұрылымды бірлесіп дамытуға және теңіз порттары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға мүдделі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -