Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы
Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының аясында 2024 жылғы 31 мамырда Клубтың кезекті отырысы өткізілді.
Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Лицензиялау және реттеу басқармасының бас маманы Марфуға Мырзағалиева «Сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында спикер cақтандыру ұйымдары басшы қызметкерлерінің лауазымдарына үміткер адамдарға қойылатын талаптар, ұсынылатын құжаттар тізбесі және оларды ресімдеу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен бірге, Агенттіктің осы талаптарды реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне, Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылы туралы мәселелерге жеке тоқталды. Сондай-ақ үміткерлердің сынақтан өту тәртібі, оларды арнайы тізілімге енгізу, ақпаратты сайтқа орналастыру және хаттама ресімдеу тәртібі туралы кеңінен айтып берді.
Отырыс соңында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -