Азаматтарды жеке қабылдау
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев азаматтарды жеке қабылдады.
Кездесу онлайн форматта өтті. Қабылдауға Павлодар және Астана қалаларының тұрғындары қатысуға ниет білдірді.
А. Жангулов өз сөзінде «Семей орманында» орын алған өртінде орман дақылдарын құру, жеке орман питомниктерін мемлекеттік бағдарламаларға тарту және Мемлекет басшысының елді мекендерге 15 млн көшет отырғызу жөніндегі тапсырмасының орындалу мәселесіне қатысты пікір білдірсе, «Тұрақты даму» жер қоры жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері 2025 жылдың көктемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – орман отырғызудың ұлттық күндері» және «2026 жылғы халықаралық климат саммитіне» дайындық бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қою бойынша мәселелер көтерілді.
Мұндай кездесулер жүйелі түрде өтеді. Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -