Азаматтық қорғау академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер талқыланды
Бүгін ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының білім беру ортасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғановамен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Академия қызметкерлері мен курсанттарына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары жеткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Академия үшін басым бағыттардың бірі азаматтық қорғау органдары қызметкерінің жеке басын қалыптастыру кезеңінде курсанттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы мен мәдениетін қалыптастыру болып табылатынын атап өту қажет.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -