Азаматтық қорғау органдарында 20 жыл
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда жанқиярлығы, сондай-ақ еліміздегі су тасқыны кезеңіндегі көрсеткен ерлігі үшін Евгений Кремер мемлекеттік
награда «Ерлігі үшін»
медалімен марапатталды.Азаматтық қорғау прапорщигі Евгений Кремер Ақкөл қаласының 26-ӨСБ-де жиырма жылға жуық жұмыс істейді.
Құтқарушының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруда тәжірибесі мол. Тек осы бір жылдың ішінде ол бірнеше мәрте ТЖ-ды жоюға қатысты.
Евгений Николаевичтің су тасқыны кезеңіндегі зардаптарды жою кезінде өз іскерлігі мен мол тәжірибесін көрсетті. Ол авариялық-құтқару жұмыстарына алғашқы күндерден бастап кірісті. Наурыз айында Целиноград ауданына іссапарға жіберіліп, құтқару жұмыстарына қатысқан. Яғни, су басу салдарынан жол қатынасынсыз қалған ауылдарға азық-түлікті жеткізу, қапшықтарға инертті материалдары салу және жеткізу, аэровизуалды тексеру жұмыстарын жүргізу, ең күрделі учаскелерге балшық мотопомпаларын тасымалдау, тіпті Қоянды ауылынан жүкті әйелді эвакуациялауды жүзеге асырды.
Құтқару операцияларының нәтижесінде бірден бірнеше елді мекендердегі тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Бұл азаматтық қорғау прапорщигі Евгений Кремердің үлкен жетістігі екендігін атап өткен жөн.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -