«Қазавиақұтқару» авиаторы мемлекеттік наградамен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда жанқиярлығы, сондай-ақ еліміздегі су тасқыны кезеңіндегі көрсеткен ерлігі үшін Анатолий Козловский мемлекеттік
награда
Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 әуе кемесінің командирі Анатолий Алексеевич Козловскийді су тасқынына қарсы іс-шараларға тікелей қатысқан.
Анатолий Козловскийдің басшылығымен экипаж су басқан учаскелерден адамдарды құтқару, гуманитарлық жүктерді апат аймақтарына тасымалдау бойынша шұғыл ұшуларды орындады. Сондай-ақ су басу аймақтарына аэровизуалды мониторинг жүргізді. Барлығы 52 адам эвакуацияланып, 150 адам тасымалданды, 10 000 кг-нан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.
Анатолий Алексеевич 1965 жылы 6 сәуірде Шу облысы, Мәскеу ауданы, Сретинка ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Кременчугтың азаматтық авиация ұшу училищесін «Тікұшақтарды ұшуды пайдалану» мамандығы бойынша бітірді. Әуе кемелеріндегі жалпы рейд 7870 сағатты құрайды.
Бірнеше рет ҚР ТЖМ желісі бойынша түрлі көлемдегі оқу-жаттығуларға, Қазақстан Республикасының басшы тұлғаларын жеткізу бойынша ұшуларға қатысты. Ұжымда қызметкерлердің лайықты беделі мен құрметіне ие. Авиаторлардың жас буынына өзінің білімі мен бай практикалық тәжірибесін белсенді түрде жеткізеді. Анатолий Алексеевич өмірінің 30 жылдан астам уақытын сүйікті ісіне арнап, Азаматтық авиацияның дамуына елеулі үлес қосты.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -