Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің мүшелерімен кездесу
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) вице-президенті Константин Лимитовский бастаған делегация мүшелерімен кездесу өткізді.
Диалог барысында қонақтарға еліміздің климаттық саясаты бойынша ағымдағы жағдай, инвестициялық климатты жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және декарбонизация саласындағы жаңа жобалар туралы ақпарат берілді.
Банк қызметінің ерекшелігін ескере отырып, метан шығарындыларын азайту жөніндегі жобалар портфелі, атап айтқанда Жасыл мектеп салу жөніндегі жоба ұсынылды.
Константин Лимитовский Қазақстан банкті құру мен дамытуда маңызды рөл атқарған АИИБ-ның негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ынтымақтастықты тереңдету үшін елеулі мүмкіндіктерді атап өтіп, АИИБ 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін Қазақстанның декарбонизациялау мақсаттарын қолдауға дайын екендігіне сенімін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -