Қазыбек би ауданының АХАТ басқармасы жаңа мекенжайға көшетінін хабарлаймыз
2024 жылдың 22 қарашасынан бастап № 1 АХАТ бөлімі жаңа ғимаратқа көшеді. Енді ол Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайында, Цифрлық қызметтер орталығында орналасады.
№1 АХАТ-тың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: жұмыс күндері 9:00-ден 18: 00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Демалыс күндері - сенбі және жексенбі. Қызмет алуышларға ыңғайлы жағдайда қызмет көрсету және қызмет сапасын жақсарту – көшудің негізгі себебі болып табылады.
Жаңа ғимаратта азаматтық хал актілерін тіркеу қызметтерін алуға, сондай-ақ әкелікті таныту, бала асырап алу, жазбаларды қалпына келтіру және шетелдік азаматтармен некені бұзу қызметтері ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына берілген болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -