БҰҰ Бас хатшысы Алматыдағы «UN Plaza»-да болды
Алматы, 2024 жылғы 3 шілде – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға сапары барысында Алматыдағы БҰҰ-ның «UN Plaza» ғимаратын аралып шықты. БҰҰ-ның Алматыдағы ғимаратында Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген БҰҰ агенттіктері өкілдіктерінің басшыларымен кездесуі өтті.
Кездесуге қазақстандық тараптан ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин мен ҚР Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров қатысты.
А
.Гутерриш
өз
сөзінде
Қазақстанныңбейбітшілік
пен
қауіпсіздікті
нығайту,
Орнықты
даму
мақсаттарына
қол жеткізужәне
адам
құқықтарын
қамтамасыз
етумәселелерін
ілгерілетудегі
күш-жігерін
жоғары
бағалады
жәнехалықаралық
алаңдарда
ҚР
ұсынғанбастамалар
туралы
оң
пікір білдірді.
А.Рахметуллин қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешуде БҰҰ-ның айрықша рөліне тоқталып, бүкіл кезеңінде біздің еліміз бен жаһандық ұйым арасындағы барлық салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесу барысында Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру жайлы Қазақстанның бастамасының маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Бұған қоса, Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне байланысты мұздықтардың еруі мәселелерінің ерекше өзектілігін ескере отырып, А. Гутерришке ЮНЕСКО-ның Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының қызметі туралы ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, «UN Plaza» ғимаратында орналасқан БҰҰ агенттіктерінің өкілдері өңірлік мандаты бар ұйым құрылымдарының ағымдағы қызметі, олардың басымдықтары және елдік және өңірлік деңгейде тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметімен өзара іс-қимыл туралы хабардар етті.
Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар «UN Plaza» ғимаратында орналасқан «UN and me» көрмесімен танысты.
4 шілдеде БҰҰ Бас хатшысы А. Гутерриш Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады.
UN Plaza (БҰҰ Плаза) ғимаратының ресми инаугурациясы 2019 жылдың мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында штаттық саны 120 адамнан асатын 18 агенттік орналасқан.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -